10 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді. Бұл туралы Соколов-Сарыбай тау-байыту өндірістік бірлестігінің (ССТБӨБ) баспасөз қызметінен хабарлайды.
ССТБӨБ-нің бас энергетигі Саид Гафаровтың айтуынша, электр энергиясын Рудный қаласы мен Қашар кентіне Еуразиялық энергетикалық бірлестігі қорларын тарту есебінен жеткізу мүмкін болды.
«2015 жылғы сәуір, мамыр, қараша және желтоқсан айлары бойы электр энергиясын жеткізуді Ақсу электр стансасы іске асырады. Энергия қазіргі кезде Экібастұз ГРЭС-2-ден алынып отырған бағадан айтарлықтай төмен бағамен беріліп отыр», — деп түсіндірді С.Гафаров.