Еріген судың көптеп келуі салдарынан Глубокое, Бородулиха, Бесқарағай, Абай, Ұлан, Жарма аудандарындағы 10 елді мекенді су басу қаупі туындады.
ШҚО ТЖД-нен хабарлағандай, еріген қар суының әсерінен барлығы 5 үй мен 240 аулалық аумақты су басты. Бұдан басқа, тасқын суларының үлкен ағыны салдарынан республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 3 учаскесі («Семей-Қайнар» күре жолы, 180 шақырым, Шаған өзені арқылы өтетін көпірге барар жолды су басты, «Алматы-Өскемен» тас жолының 982 шақырымы — көлік жолы төсемін су шаюы, «Өскемен-Семей» тас жолы, 84 шақырым — Қарасу өзені арқылы жағалық құрылыс пен тіректі су басты) зақымдалды.
Аймақта жедел штаб жұмыс істер отыр. Күн райының күрт жылынған күндері ТЖ болдырмау жұмыстарына 1000-нан астам адам, 342 техника бірлігі, 51 су сорғылау құралы жұмылдырылған. Ыдыс-қаптан жасалған 2 шақырымнан астам жол салынып, 5 шақырымға жуық қорғау үйіндісі салынды, су басқан орындардан 387 адам, 711 жануар қауіпсіз жерге көшірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Үй жануарларының қырылу фактілері тіркелген жоқ. Бүгінде 3 тұрғын үй мен аула маңы аумақтарын су басып отыр. Елді мекендерді тасқындардан қорғау жұмыстары жалғыстырылуда.
Ең күрделі жағдай Бородулиха ауданының Переменовка ауылында орын алды — мұнда ауылды қоршайтын бөгеттің бұзылу қаупі туындаған. Ауыл тұрғындары — арасында 80 бала болған барлық 184 адам Переменов орта мектебіне көшірілді, мектепте санитарлық бекет құрылып, көшірілгендерге психологиялық көмек көрсетілді.
Бөгетті нығайту орнында құтқару қызметтері мен жергілікті билік көздерінің 80-нен астам қызметкері, шамамен 15 техника бірлігі жұмыс істеп жүр. Бөгетті нығайту үшін 2700-ден астам қап инерттік материал төселді.
13 сәуірдегі жағдай бойынша су деңгейі азайып, жағдай тұрақталды, көшірілген тұрғындар өз үйлеріне оралды, деп хабарлады ШҚО ТЖД-нен.
