«Асханада шыққан өрт жайлы хабарландыру өрт сөндіру қызметіне 14:27 сағатта келіп түскен. 14:43- те өрт ауыздықталды. Ал 15:00 де өрттің толығымен тоқтатылғаны жайлы хабарланды», — дейді агенттілік қызметкері. Оның айтуынша, Өртке оранған аумақтың көлемі 80 шаршы метрді құрайды. Өрт асхананың жаздық алаңқайында орнаған. Жақын маңайдағы жатақханадан 35 адам сыртқа шығарылған. Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ, — дейді. Қалалық төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, өртті сөндіруге 10 негізгі техника мен 3 арнайы техника жұмылдырылған.