Павлодар облысында Ертіс өзенінің алқабына жіберілетін су мөлшері арттырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында Ертіс өзенінің алқабына жіберілетін су мөлшері арттырылды

Павлодар облысында Ертіс өзенінің алқабына жіберілетін су мөлшері арттырылды

Павлодар облысында Ертіс өзенінің алқабына су жіберу басталды. «Су қоймаларының Ертіс сарқырамасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы

  • 13 Сәуiр 2015
  • 3482
Фото - Caravan.kz


12 cәуір мен 2 мамыр аралығында жүргізілетін су жіберу кестесін қабылдады. Бұл туралы Облыстық қоршаған орта жер қойнауын пайдалану және су ресурстары басқармасының басшысы Әлібек Нүсіпбеков бүгін Павлодарда өткен қысқаша баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Оның айтуынша, биылғы жылы табиғатты қорғау мақсатында су жіберу 6,7 текше метр мөлшерде белгіленген, 2014 жылы бұл көрсеткіш 5,7 текше метрді құраған.
Су жіберу он бір тәулік бойы жүргізіледі, бұл былтырғыдан екі есе ұзағырақ.
«Комиссия Павлодар облысының балықтардың уылдырық шашуына қолайлы жағдайлар құру мақсатында су жіберуді уылдырық шашу маусымымен бірге өткізу және су шығынын арттыру туралы ұсынысы назарға алынды, — дейді Ә.Нүсіпбеков.
Өзен алқабына су жіберу алаңы шамамен 90%-дан асады, бұл уылдырық шашуға қолайлы жағдай құруға және су алқабы ландшафтының флорасы мен мен фаунасының алуан түрлілігін сақтауға мүмкіндік береді.
Алаңы 377 мың гектарды құрайтын Ертіс өзенінің алқабы ерекше қорғалатын табиға аймақ және аймақ үшін экологиялық және әлеуметтік-экономикалық маңызы зор. Өзен алқабында бүкіл жем-шөп мөлшерінің 40%-ы дайындалады, сонымен қатар су тасқыны мезгілінде мұнда балық уылдырық шашады.
Табиғат қорғау тұрғысындағы су жіберу өзен алқабының табиғи кешені экожүйесінің қызметін қамтамасыз ету үшін жылда су қоймасының Жоғарғы Ертіс сарқырамасында жүзеге асырылады.