Құсайынов ақтөбелік жастарды сендіруге тырысты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құсайынов ақтөбелік жастарды сендіруге тырысты

Құсайынов ақтөбелік жастарды сендіруге тырысты

Таққа таласы бар үміткер – Әбілғазы Құсайынов Ақтөбеде насихат жұмыстарымен жүр. Мұнда кандидат сайлаушылармен кездесіп, экология тақырыбында кеңінен әңгіме қозғады.

  • 14 Сәуiр 2015
  • 284
Фото - Caravan.kz

Басқосуға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары да келген. Десе де оған алаңдаған Құсайынов жоқ. Үміткер әдеттегідей табиғат, жасыл құрылықты сақтау жайында сөз қозғап, көпті соңына ілесуге шақырды. Қазақстан кәсіподақтар федерациясының төрағасы сайлауға сақадай сай екенін айтып отыр.

Әбілғазы Құсайынов, ҚР Президенттігіне үміткер:

— Табиғаттың құрылымы мен қызметін бұзатын теріс құбылыстардың салдарынан пайда болуда. Өнеркәсіп қалдықтарының 70 пайызына жуығы су қоймаларына тасталып, таза суды бүлдіруде.