Жамбыл облысында баспанасы өртенген бірнеше отбасы далада түнеп жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында баспанасы өртенген бірнеше отбасы далада түнеп жүр

Жамбыл облысында баспанасы өртенген бірнеше отбасы далада түнеп жүр

Жамбыл облысында баспанасы өртенген төрт отбасы бір айдан бері далада түнеп жүр. Тілсіз жаудан жапсарлас орналасқан нысандардың түгі қалмай жанып кеткен. Тұрмысы төмен тұрғындар енді осы күлге айналған үйлерін қайта тұрғыза алмай әлек. Ал, Шу ауданының әкімшілігі жапа шеккендерге тек күте тұруға кеңес беріп отыр.

  • 14 Сәуiр 2015
  • 172
Фото - Caravan.kz

Шу қаласындағы мына 4 үй бір-біріне жапсарлас орналасқан. Электр сымдарының тұйықталуынан тұтанған өрт нысанды бір мезетте күлге айналдырыпты. Онсызда тұрмысы төмен жандар үшін бұл жығылған үстіне жұдырық болды.

Бейсенкүл Сатылғанова, Шу қаласының тұрғыны:

-Білесіз ғой қазір бәрі қымбат екенін. 4 бірдей бала, не жұмыс жоқ, біреуі оқу бітірген. Жұмысқа кіре алмайды.

Қазір 4 отбасы баспаналарын тұрғызуға жанталасып жатыр. Алайда қаржы тапшылығы қол байлау болуда.

Нұрғазы Қырықбаев, Шу қаласының тұрғыны:

-Материалдық көмек берсе..Топырақты өзім ақ сатып аламын мысалы, бір жерде жұмыс істеп. Бізге тағы көмек керек, топырақ цементпен ештеме бітпейді.

Жергілікті билік жапа шеккендерді жаңа баспанамен қамтамасыз етеміз деп сендіреді. Тіпті 75 пәтерлік бес қабатты нысанды жөндеу үшін сметалық құжатында әзірлеп қойыпты. Тек, қаржыны күтіп отыр екен.

Амандық Медетпеков, Шу аудандық тұрғынүй-коммуналды шаруашылық бөлімінің басшысы:

— Облыстық бюджеттің жарты жылдық қорытындысын нақтылау кезінде ақша болады деп үміттеніп отырмыз. Облыстық бюджеттен бөлінеді бұл ақша. Сол себепті ол бөлініп қалса, биыл жөндеу бітіп ол берілетініне кәміл сенеміз.

Бірақ, атқамінерлердің бұл уәдесіне жұрттың сенгісі жоқ. Себебі облыс қазынасынан ақшаның бөліну-бөлінбеуі екі талай. Сондықтан тілсіз жаудан жапа шеккендер жомарт жандардың көмегіне жүгінуге мәжбүр.