Францияда опат болған Иманқұловтар отбасын жерлестері еске алды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Францияда опат болған Иманқұловтар отбасын жерлестері еске алды

Францияда опат болған Иманқұловтар отбасын жерлестері еске алды

Францияда әуе апатында опат болған Иманқұловтардың әруағына туған жері Өскеменде құрмет көрсетілді. Жат жерде қаза тапқан қандастарымызды еске алу шарасына жақындарынан бөлек, қала тұрғындары да көп жиналды.

  • 14 Сәуiр 2015
  • 254
Фото - Caravan.kz

Бұл қайғыдан қабырғасы қарс айырылған Иманқұловтар әулеті. Әуе апатынан бері олар әлі ес жия алмай жүр. Бүгін де күңіреніп, үш бірдей бауырын еске алды. Олармен бірге бір бортта отырған біраз жолаушылардың дене қалдықтары әлі де іздестіріліп жатқандықтан, қандастарымыздың мәйітін елге жеткізу мерзімінің 3-4 айға созылатын түрі бар. Сондықтан, ақтық сапарға әзір шығарып сала алмаса да, марқұмдардың жақындары мен әріптестері олардың әруағына құран бағыштап, ас берді.

Нұрлан қажы Асанов, ШҚО Бас имамы:

-Біз қалай болғанда да оның рухын құрметтеп, мына бүгінгі іс-шаралар, яғни дұға бағыштау шарасын ағайын-туыстарының келісімі бойынша атқарып жатырмыз.