Қазір мұнда көлік қозғалысы тоқтап, жүргізушілер айналма жолмен жүруге мәжбүр. Сондай-ақ өңірде Семей-Қайнар, Шар-Бақыршық сияқты маңызды жолдар жабық. Шаған өзенінің көтерілуінен Тоқтамыс ауылынан шыға берістегі көпір шайылған. Салдарынан Абай ауданындағы елді-мекен жұртымен байланыс үзілді. Солтүстік Қазақстан облысында да осындай жағдай. Су басқан жолдарды басып өтпек болғандардың көліктерінің салонына су кіріп, батып кете жаздаған. Жалпы Теріскейде18 елді-мекенді су басу қаупі бар. Тіпті, аумақтағы жағдайды көру үшін еліміздің бас құтқарушысы келген еді. Бірақ Божко төніп тұрған қауіп жоқ,-деп жұртты сабырға шақырып кеткен болатын.