Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің cаны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің cаны белгілі болды

Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің cаны белгілі болды

2015 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жеңіл автокөліктің қолда бар cаны

  • 14 Сәуiр 2015
  • 499
Фото - Caravan.kz

4 249,5 мың бірлікті құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен хабарланды. 

«Жалпы 2015 жылғы қаңтар-ақпанда республикамызда 156 мың 519 жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 94,5 пайызға жоғары», — делінген баспасөз баянында. 


Сонымен қатар, комитеттің деректеріне қарағанда, 2015 жылдың қаңтар-ақпан айларында тіркелген жеңіл автокөліктердің ең көбі — Алматы қаласына тиесілі — 18 мың 188 бірлік. Одан кейінгі орындарда Оңтүстік Қазақстан облысы — 17 мың 326, Алматы облысы — 15 мың 978 және Астана қаласы — 13 мың 176 бірлікті құрап отыр.