Астанада 25 шақырым жол жөнделеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 25 шақырым жол жөнделеді

Астанада 25 шақырым жол жөнделеді

Астанада 11 сәуірде Жәнібек Тархан көшесінің Ш. Уәлиханов көшесінен Асан қайғы көшесіне дейінгі бөлігінде жөндеу жұмыстары басталып,

  • 14 Сәуiр 2015
  • 308
Фото - Caravan.kz


автокөлік қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен. 

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, жөндеу аясында су құбырын, нөсер және шаруашылық-тұрмыстық кәріз жүйесін орнату жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, осы бөлікте жылу трассасын қайта салу және іргелес аумақты абаттандыру жоспарланған. Тиісті жөндеу жұмыстарын үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін аяқтау көзделген.

Биыл 25 шақырым жол бөлігі жөнделмек:

— Тілендиев даңғылы Күмісбеков көшесінен көлік орамына дейін;
— Абай даңғылы Республика даңғылынан Уәлиханов көшесіне дейін;
— Бейбітшілік көшесі Бөгенбай батыр даңғылынан Абай даңғылына дейін;
— Қарасай батыр көшесі;
— Шевченко көшесі;
— Ш. Жиенқұлова көшесін (Фурманов көшесі) көпірден Бейсекбаева көшесіне дейін;
— Гете көшесі;
— Жаңақоныс көшесі;
— Жансүгіров көшесі;
— Мүсірепов көшесі;
— Дулатов көшесі Бәйсейітова көшесінен Аспара көшесіне дейін;
— Брусиловский көшесі Абай көшесінен тұйық көшеге дейін;
— Ташенов көшесі Ташенов тұйық көшесінен Таха Хусейн көшесіне дейін;
— № 15 көше Айнакөл көшесінен Қошқарбаев көшесіне дейін;
— Бурабай көшесі Қобыланды батыр көшесінен КТК дейін;
— Оқжетпес тұйық көшесі;
— Қарағандылық көшесі;
— Көкжиек көшесі (Көктал-1 ТА);
— Жиенбет Жырау көшесі «Мисон» ТК өтетін жол (Шұбар ТА);
— Игілік көшесі (Өндіріс);
— Заречный ТА, Еңбекшілер көшесіндегі № 14 тұйық көше.