Жеңіс күні Алматы көшелерімен “Өшпес полкі” жүріп өтпек - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жеңіс күні Алматы көшелерімен “Өшпес полкі” жүріп өтпек

Жеңіс күні Алматы көшелерімен “Өшпес полкі” жүріп өтпек

Алматыда 9-мамыр күні “Өшпес полкі” патриоттық акциясы болады, оның шеңберінде Ұлы Отан соғысына қатысушылардың

  • 14 Сәуiр 2015
  • 390
Фото - Caravan.kz


ұрпақтары майдангерлердің суреттерін ұстап, көшелерде жүріп өтеді.
"Алматыда “Өшпес полкі” қозғалысы маршқа дайындала бастады. Патриоттық шеруге қатысушылар “Астана” алаңына 9-мамыр күні сағат 8:00-де жиналады. “Өшпес полктің” маршруты 28 қаһарман- панфиловшының саябағына дейін өтеді. Біздің болашақ ұрпақ алдындағы парызымыз, сол соғыстың батырларын есте сақтау “, — делінген сейсенбіде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында таратылған ұйымдастырушылардың хабарламасында.
"Акцияға қатысу үшін әркім өзіне жақын соғыс ардагерінің, Жеңіс солдатының А3 форматындағы суретін алып жүруі керек, сурет сақталмаған жағдайда, солдаттың аты -жөні мен туған және қаза болған жылын көрсету керек”, — деді баспасөз мәслихатында Ленинград блокадниктері кеңесінің төраайымы Валентина Виннер.
Қазақстанның бұл акцияға қатыса бастағандығына үшінші жыл болды. 2013 және 2014 жылдары ол Екібастұзда өтті, өткен жылы оған 137 мың адамы бар қаланың 1200 тұрғыны қатысқан.
Алғаш рет ондай азаматтық акция 2012 жылы Томскіде өті.
Биыл “Өшпес полкі” акциясын әлемнің 800-ден аса елінде өткізу көзделген. Ресеймен қатар оған Германия, Эстония, Израиль, Белоруссия,Қырғызстан, Әзірбайжан, Украина, Моңғолия, Ливан, Норвегия, АҚШ және Ирландия қатыспақ.