Б. Сағынтаевтың «Тоталь» басшысымен кездесуінде Қашағанды игеру мәселесі талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Б. Сағынтаевтың «Тоталь» басшысымен кездесуінде Қашағанды игеру мәселесі талқыланды

Б. Сағынтаевтың «Тоталь» басшысымен кездесуінде Қашағанды игеру мәселесі талқыланды

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев «Тоталь» компаниясының басшысы Патрик Пуяннемен кездесті.

  • 14 Сәуiр 2015
  • 451
Фото - Caravan.kz

Әңгімелесу барысында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық пен Қашаған кен орнын игеру жобасын іске асыру мәселелері талқынды. Сондай-ақ тараптар Ақтөбе облысында геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу барысын да қарастырды.

Бақытжан Сағынтаев «Тоталь» компаниясының 20 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанда табысты жұмыс істеп келе жатқандығын, ірі стратегиялық инвесторлардың бірі екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша әңгімелесушілер мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екендіктерін білдірді.