Бейжің-Алматы рейсінің жолаушысын тонаған қытайлықтар құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бейжің-Алматы рейсінің жолаушысын тонаған қытайлықтар құрықталды

Бейжің-Алматы рейсінің жолаушысын тонаған қытайлықтар құрықталды

Авиациялық көлік прокуратурасы әуе кемесінің бортында ұрлық жасаған қос қытайлық азаматқа қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау актісін бекітті.

  • 15 Сәуiр 2015
  • 297
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламаға сүйенсек, 10-ақпан күні Алматы әуежайындағы кезекші полиция бөлімшесіне хабарласқан Бейжің-Алматы рейсінің жолаушысы пенжегінің қалтасынан 3 мың доллар, 3 мың юань мен жалпы құны 500 мың теңгеден асатын қос ұялы телефонының жоғалғанын айтқан.
«Алматы әуежайының транзиттік аймағында аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ҚХР-ның екі азаматы ұсталды. Жоғалған зат тексеру барысында Бейжің-Алматы-Дубай бағыты бойынша ұшқалы отырған шетелдіктерден табылды», — делінген хабарламада.
Аталған қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары толық аяқталды. Жуырда іс Түркісіб ауданының сотына жөнелтілді.