Р.Т. Ердоған Түркия Президенті ретінде Қазақстанға алғашқы сапарын жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Р.Т. Ердоған Түркия Президенті ретінде Қазақстанға алғашқы сапарын жасады

Р.Т. Ердоған Түркия Президенті ретінде Қазақстанға алғашқы сапарын жасады

Реджеп Тайып Ердоған Түркия Президенті  ретінде Қазақстанға жасаған алғашқы мемлекеттік сапарында Астана мен Түркістан қалаларында болады.

  • 15 Сәуiр 2015
  • 403
Фото - Caravan.kz

16-17 сәуірдегі Түрік Республикасының Президенті Р.Т.Ердоғанның Қазақстанға мемлекеттік сапары жоғары деңгейдегі саяси үнқатысудың жалғасы болып, тараптардың халықаралық аренада өзара белсенді әрекеттесуі және екіжақты қарым-қатынастардың әртүрлі сала бойынша ырғақты дамуы аясында жүзеге асырылмақ. Сапар шеңберінде Түркия Президенті Р.Т.Ердоған Астана мен Түркістан қалаларында болады.

Қазақстанның Түрік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаевтың айтуынша,  Түркістанда Түркия Дін істері басқармасының қаражатына салынған үлкен мешіттің, Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің жаңадан салынған ғимараттарының (университеттің медициналық факультеті мен студенттік жатақхана ғимараттары, намазхана, футбол алаңы) салтанатты түрде ашылуы жоспарлануда.

Түркістандағы мешіттің іргетасы 15 жыл бұрын қаланған болатын. Түркия Діни істер қоғамы тарапынан салынған мешіт 2 қабатты және 600 шаршы метр жабық алаңы бар. Сыйымдылығы 2 мың кісілік, сыртта намаз оқитын орны, төменгі қабатта мәдениет орталығы, бірінші қабатта 2 дәрісханасы бар.

Қазақстан мен Түркия президенттерінің Түркістандағы іс-шараға қатысуы екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың одан әрі дамуына жағдай жасайтыны сөзсіз.


Түркия Президенті Р.Т.Ердоғанның Қазақстанға сапары барысында екі ел президенттерінің төрағалығымен Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысы өтеді. Отырыс шеңберінде ағымдағы мәселелер көтеріліп, жаңа мақсаттар белгіленеді. Бұл өз кезегінде тараптардың екіжақты және көпжақты форматтағы одан арғы ынтымақтастығының негізгі бағыттары айқындалатын маңызды шара. Яғни, бұл ел басшыларының қатысуымен екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері толық талқыланады және тиісті шаралар қабылданады деген сөз. Екі ел арасындағы іс жүзіндегі қадамдар мен жұмыстар өзара қабылданған шешімдер мен Кеңес отырысының қорытындысы бойынша жасалатын мәлімдемелер аясында атқарылады. Екі ел жетекшілерінің ортақ мәлімдемеге қол қоюы мемлекеттер арасындағы ықпалдастықтың жүйелене түсуіне ықпал етпек, деп жазады «Егемен Қазақстан» басылымы.