«БТА Банк» АҚ басқармасының төрағасы ауысты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«БТА Банк» АҚ басқармасының төрағасы ауысты

«БТА Банк» АҚ басқармасының төрағасы ауысты

Асқарбек Нәбиев "БТА Банк" АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалды,  деп хабарлады қаржы ұйымының ресми сайты.

  • 15 Сәуiр 2015
  • 418
Фото - Caravan.kz

"БТА Банк" АҚ Директорлар кеңесі 2015 жылғы 30 наурыздан бастап Мағжан Әуезовтің банк басқармасының төрағасы өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатып, 2015 жылғы 8 сәуірден бастап 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін басқарма төрағасының лауазымына Асқарбек Нәбиевті сайлау  шешімін шығарды. Бұдан басқа, банкте «өз өтініші бойынша 2015 жылғы 1 мамырдан бастап басқарма мүшесі — басқарушы директор Қайыржан Мимикеновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату» шешімі қабылданғаны атап өтілді.

Атап өтсек, Асқарбек Нәбиев — Қазақ мемлекеттік басқару академиясының түлегі, экономист. 1997 жылы Қазкоммерцбанкте экономикалық талдау басқармасына, кейіннен қайта құрылған департаментке басшы болды. 2002 жылдан бастап қаржылық бақылау департаментінің директоры қызметін атқарған.