Теміртауда елуден аса тұрғын үйді су басып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда елуден аса тұрғын үйді су басып қалды

Теміртауда елуден аса тұрғын үйді су басып қалды

Теміртауда Нұра өзені арнасынан тасып, Нижняя және Южная көшелерінің бойында орналасқан 54 үй су астында қалды.

  • 15 Сәуiр 2015
  • 496
Фото - Caravan.kz


Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 адам жақын-туыстарының үйлеріне және “Асега” мейманханасына орналастырылды.
"Нұра өзеніндегі су деңгейі кеше таңертең көтерілді. Қазіргі сәтте су аталған көшелерді бойлай жайылған”, — делінген хабарламада.
Қазір апат мекемелерінің қызметкерлері топан судың жайылуына жол бермеу үшін өзен жағалауына құм төгіп, бекітіп жатыр.
“Қолдан дамба жасалды. Ол судың біраз бөлігін ұстап тұруға мүмкіндік береді. Жолдар тазартылып, төңірек тәулік бойы күзетілуде”, — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккендерге аймақтық резерв қорынан материалдық көмек көрсетіледі.
Сонымен қатар, құқық қорғау орындары мародерлікке жол бермеу мақсатында тасқын аймағындағы үйлерге күзет қойды.