«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында 2015 жылы 6 кәсіпорын іске қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында 2015 жылы 6 кәсіпорын іске қосылады

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында 2015 жылы 6 кәсіпорын іске қосылады

«Ақтау теңіз порты» аумағында 33 қатысушы тіркелді, олардың 9-ы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар, алтауын 2015 жылы іске қосу жоспарлануда.

  • 15 Сәуiр 2015
  • 428
Фото - Caravan.kz

17-сі іске асырылу сатысында. Бұл туралы бүгін «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ басқармасының төрағасы Әмірбек Төлегенов брифингте хабарлады.

«АҚ-да теңіз металл конструкцияларын, шыны-талшықты құбырлар, мұнай құбырлары, оқшауланған құбырлар, оффшорлық модульдік контейнер, жол құрылысы материалдарын шығарумен айналысады. АҚ өндіріс көлемі 2014 жылы 233 млрд. теңгені құрады. Бүгінде 1000-ға тарта жұмыс орны ашылған. Осы жылы іске қосылатын жаңа 6 кәсіпорын қосымша жұмыс орнын құрып, бюджетке түсім түсіріп, өнім өндірісінің көлемін ұлғайтады», — деп хабарлады Әмірбек Төлегенов.

Жаңа кәсіпорын полимерлік орама, мұнай-газ жабдықтарының өндірісін ретке келтіреді. Әзербайжаннан әкелінген жемістер, көкөністер мен өндірістік тауарларға арналған қойма, екі үй құрылысы комбинаты, фармцевтикалық кешен салынады, оларды  тамызда пайдалануға беру жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 8 млрд. теңге.

АЭА аумағы жалпы алаңы 2000 гектар 7  аймақтан тұрады. 2012 жылға дейін №3  аймақтың инженерлік инфрақұрылымы салынды, оны салуға 3,3 млрд. теңге жұмсалды. 2012 жылғы қарашада №1  аймақтың құрылысы басталған. Төрт лот бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына жасалған шартқа сәйкес жалпы сома 3,7 млрд теңгені құрайды. Таяу уақытта жалпы алаңы 300 гектардай болатын №1  аймақ жұмыстары аяқталады.


Техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес №1 аймақтың, сондай-ақ №2, №3 аймақтың 50 гектарына қосымша учаске салуға барлығы 11,3 млрд теңге көзделген.