«Менің Қазақстаным» пойызы Риддер қаласына келді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Менің Қазақстаным» пойызы Риддер қаласына келді

«Менің Қазақстаным» пойызы Риддер қаласына келді

Бүгін «Менің Қазақстаным» пойызы Шығыс Қазақстан облысындағы екінші стансасы - Риддер қаласына келді.

  • 15 Сәуiр 2015
  • 474
Фото - Caravan.kz

Пойыздың келу құрметіне арналған митингіде Риддер қаласы әкімінің міндетін атқарушы Данияр Дүйсенбаев сөз сөйлеп, қала халқы қонақтарды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы — бейбітшілік пен келісімнің, қасиетті Отанымызда өмір сүріп жатқан барлық этностар достығының ең басты құндылығы. ҚХА біздің көпұлтты халқымыздың бірлігін сақтайтын мәңгілік қорғанына айналды. Ол бірлік, тұрақтылық, толеранттылық, жалпыға ортақ еңбек, патриотизм сияқты ортақ құндылықтарымызды қазақстандықтардың санасына сіңіруде», — деп атап өтті әкім.

Қарымта сөз сөйлеген «Менің Қазақстаным» пойызының директоры Ғ. Телебаев пойыздың мақсаты мен міндеттері жөнінде айтып өтті.

Айта кетейік, Риддер қаласының негізі 1786 жылы қаланған. Алғаш поселке болып, тау-кен инженері Филипп Риддердің атымен аталған елді мекен бүгінгі күні өндірісі дамыған моноқаланың біріне айналды. Шығыс Қазақстанда Кеңес үкіметі орнағанға дейін ағылшын кәсіпкері Уркарттың меншігінде болған қалада өндіріс орындары ұйымдастырылып, шағын электр стансасы құрылып, кен байыту фабрикасы жұмыс істеген. Облыс орталығы Өскеменге дейін темір жол тартылған. 1918 жылы Риддердегі кәсіпорындар Кеңес үкіметінің меншігіне өткен. Ұлы Отан соғысынан кейін қалада тұрғын үй салу, мәдени-тұрмыстық нысандарды тұрғызу, жолдарды жөндеу және басқа да инженерлік коммуникацияларды іске қосу үлкен қарқынмен жүзеге асырылды. Бүгінгі күні Риддер қаласы Шығыс Қазақстан облысындағы өндірісті аймақ. 2015 жылғы қаңтардағы деректер бойынша қалада 58 062 адам өмір сүреді.

Салтанатты митингіден кейін «Менің Қазақстаным» пойызымен жүрген мамандар өз жұмыстарына кірісті. Риддер қаласының түрлі мекемелерінде бірқатар шаралар өткізілді.


Риддер аграрлық техникалық колледжінде «Н. Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімінің қазақстандық моделі» тақырыбында лекция-таныстырылым өтті. Онда облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Еркімбек Аязбаев пен облыстық «Қоғамдық келісім» жетекшісі Эльдар Төлеубеков мемлекеттік қызметкерлерге дәріс оқыды.

Сонымен қатар, «Қоғамдық келісім» кеңесінің қабылдауында және әлеуметтік сала бойынша мамандардың қабылдауында азаматтар болып, өздеріне керекті мағлұматтарды алды. Пойызбен келген медицина қызметкерлері де өздеріне жүктелген міндеттерін ойдағыдай атқарды. Риддер қаласындағы іс-шаралар жоғары дәрежеде өтіп, пойыз мүшелерінің халықпен жұмыс жасауы тыңғылықты атқарылды. Риддерліктер көкейлерінде жүрген көп сұрақтарға жауап алды.

2 
3 
4 

5 
6