Қазақстанда орташа жалақы деңгейi қанша болды? - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда орташа жалақы деңгейi қанша болды?

Қазақстанда орташа жалақы деңгейi қанша болды?

2015 жылы ақпанындағы жағдай бойынша Қазақстандағы жұмысшылардың орташа айлық

  • 15 Сәуiр 2015
  • 772
Фото - Caravan.kz

көрсеткiшi 120 мың 975 теңгенi құрады.

Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлiгiнiң Статистика комитетiнiң төрағасы Әлихан Смайылов мәлiм еттi.

"2015 жылғы ақпанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 120975 теңгені құрады.

2015 жылғы наурызда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 460,3 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 5% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2015 жылғы наурыздың соңына 56,1 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,6%", — дедi ол. 

"2015 жылғы ақпанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 62388 теңгені құрады, бұл 2014 жылғы ақпанға қарағанда 10,4% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 4,1% өсті", — деп түйдi сөзiн комитет басшысы.