Петропавлда далада қалған қос кейуанаға пәтер берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда далада қалған   қос кейуанаға пәтер берілді

Петропавлда далада қалған қос кейуанаға пәтер берілді

Петропавлда адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп келген екі қария жайлы баспанаға көшірілді. Тыл еңбеккерлері Әлпеш Зайнулина мен Ғайникамал Ахметшина туралы өткен хабарларымызда айтқан едік. Енді қос кейуана бір пәтерге уақытша жайғасты. Жалпы бүгінгі күн өмірден баз кешкен әжелер үшін тосын сыйға толы болды.

  • 16 Сәуiр 2015
  • 229
Фото - Caravan.kz

81 жастағы Әлпеш әжей жуынатын бөлменің рахатын көретініне риза. Бұрынғы баспанасы тұруға жарамсыз болатын. Мына кадрлар былтыр көктемде түсірілген. Жыл сайын әжейдің ескі үйі еріген қар суына толатын.  

Әлпеш Зайнуллина, тыл ардагері:

— Кәрілік келді енді, қай күні кететінімді бір құдай біледі деп отырған едім. Құрметтеп аяп осындай сый жасады.

84 жастағы Ғаиникамал Ахметшина да тыл еңбеккері. 15 жыл бойы жартылай жанып кеткен, апатты үйде тұрды. Қарияның ауыр тұрмысы туралы өткен айда көрсеткен едік. Қос жанарынан айрылған әже өзі пеш жағып, отын жаратын. Әсіресе, су тасу қиямет-қайым болатын.

Ғайникамал Ахметшина, тыл ардагері:   

-Соқырайдым ғой, соқырайғаннан кейін көршілерден сұраймын. 50 тиын дейді. Сосын 100 теңгеге қойды фляганы. Оны да әкелмейтін болды.

Әкімдіктің балансында болған осы 2 бөлмелі пәтерді жөндеуге қаланың белсенді жастары атсалысыпты. Жиһаз бен көрпе-төсек те жұрттан жиналған. Бұл күні қос кейуана үшін тосынсыйлар мұнымен аяқталмады. Шенеуніктер екі қарияға Жеңістің 70 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар табыстады.


Қариялардың қуанышын естіген көрші -қолаң олардың жарты айға  жететін азық-түлігін жинап беріпті. Бұнымен қоса үй шаруасына  көмектесуге әлеуметтік қызметкер бекітілген. Бұрын адам төзгісіз үйлерде жалғыз тұрған екі әжей бір-біріне енді серік болатынына риза. Бүгін танысқан замандастардың әңгімесі де жараса кетті. Бірақ бұл үйде қариялар ұзақ тұрақтамайды. Сексеннің сеңгірінен асқан жандарға пәтер кезегі жетсе, бір-бір жеке баспанадан бұйырмақ.