Тасқыннан зардап шеккен Қарағанды облысына күллі ел көмек беріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тасқыннан зардап шеккен Қарағанды облысына күллі ел көмек беріп жатыр

Тасқыннан зардап шеккен Қарағанды облысына күллі ел көмек беріп жатыр

Тасқыннан зардап шеккен Қарағанды облысының тұрғындарына бүкіл ел жұмыла көмек беріп жатыр. Әлеуметтік желілер арқылы хабар таратып, барлық аймақтардан еріктілер тұрмыстық заттар мен киім-кешек қабылдайтын арнайы орындар ашқан.

  • 16 Сәуiр 2015
  • 318
Фото - Caravan.kz

Астанадағы сауда орталығының біріндегі дүңгіршекте ұйымдастырылған белсенділердің штабына жиналған заттар түс болмай сыймай қалыпты. Сондықтан қоймадан орын берген. Қазір ондағы гуманитарлық жүктер көліктерге тиеліп, алғашқы легі Қарағандыға қарай аттанып кетті. Ақтөбе тұрғындары да қолдан келгенді аямай жатыр. Қаланың қақ ортасындағы арнайы орынға таңнан бері тапсыратын заттарын арқалағандар ағылуда. Ұйымдастырушылар ең алдымен жылы киімдер мен бұзылмайтын тамақ әкелуді сұрап отыр.

Айдын Әлнияз, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

— Бірлік болмаса болмайды ғой. Соған бәріміз қосылып кім қалай көмектесе алады,  солай көмектесіп жатыр барымызша.