Қарағанды облысында тасқын үйлерді қиратып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында  тасқын үйлерді қиратып жатыр

Қарағанды облысында тасқын үйлерді қиратып жатыр

Қарағанды облысының Мұстафин ауылында қызыл суға шыдас бермеген 20-ға тарта тұрғын үй құлап қалды. Қазір, судың деңгейі 1 жарым метрге дейін төмендегінімен мұндағы жағдай әлі де жаға ұстатарлық. Жалпы облыстағы тасқын шайған ауылдарда су құрсауындағы саман үйлердің талқаны шығуда.

  • 16 Сәуiр 2015
  • 257
Фото - Caravan.kz

Астан-кестені шыққан Мұстафин ауылында жүзге тарта үй судың астында тұр. Оның ішінде қабырғалыры опырылып немесе толықтай қирағандары бар. Бұқар жырау ауданының Нұра станциясында да осыған ұқсас жағдай. 4 мыңнан аса тұрғынның біразы ағайын туыстарынын сағалап кетсе, барар жері жоқтар мектеп, аурухана, жатақханалардан уақытша пана тауып отыр. Ауыл маңын торып жүрген жұрт үйлерінен кәдеге жарайтын дүниелері мен шатырлардағы ұсақ малдарын тасып әлек. Енді ауылда қалған қызыл суды сорып тастамаса, әзірге сыр бермеген баспаналар да опырылуы мүмкін. Бірақ биліктің ресми ақпараттарында үйлердің қирауы жайлы ештеңе айтылып жатқан жоқ.

Юлия Малышева, Мұстафин ауылының тұрғыны
:

-Үйде ештеңе қалмады. Қабырғалары сөгіліп, опырылған. Оның шатыры тек іштегі дүние мүлікке асылып қана тұр. Жақындауға қорқамыз.