су тасқыны жағдайын бақылап, талдаулар, мониторнигтер жасауда. Құтқару қызметтері жедел режімде алдарына қойылған адамдарды құтқару міндетін орындауда, деп хабарланған Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің сайтында.
Абай ауданының Қарақоға елді мекеніне еріген қар суының жайылуына байланысты, 2 үйді су басып, 25 адам көшірілді. Жергілікті жерде құрамында 86 адам мен 4 техника қамтылған Оңтүстік Қазақстан облысы құтқару қызметінің құтқарушыларының, Абай ауданы ТЖ бөлімінің және коммуналды қызмет күшінің көмегімен бөгеттерді бекіту, құм толтырылған қаптарды қою бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бұқар жырау ауданы Қаражар елді мекенінде қорғаныс бөгетін салу бойынша Қарағанды облысы ТЖД өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметінің, Алматы облысы ТЖД құрылымдарының, Ұлттық ұлан полкінің 53 адамы мен 5 техникасы жұмыс атқаруда. Сонымен қатар ветстанса мен жанұялық дәрігерлік амбулатория жұмыс жасап жатыр.
Ғ.Мұстафин кентінде бүгінгі күні 80 үй су астында қалып отыр. Бұрынырақ тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жүзеге асырылған болатын. Оқиға орнында 501 адам мен 8 техника, жүзу құралдары бар Қарағанды облысы ТЖ департаменті құрылымдарының, Азаматтық қорғаныс полкінің, арнайы ден қою жасағының және Ішкі істер департаментінің күштері жұмыс атқаруда. Кенттегі су деңгейі көтерілмей, төмендей түсуде.
Сонымен қатар құтқару және қалпына келтіру жұмыстары Тассауыт, Қантай, Қараой елді мекендерінде және Киевка кентінде жалғасын табуда. Бұл жерде жағалауды бекіту, құм толтырылған қаптарды қою жұмыстары жүргізілуде.
Ақтоғай ауданының Қарасу елді мекенінде Тоқырауын өзенінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты 30 адам қауіпсіз жерге шығарылса, оның ішінде 10-ы бала. Мұнда құрамында 26 адамы мен 7 техника, 1 моторлы және 2 резеңке қайығы бар Балқаш қаласы ТЖ басқармасының, Ақтоғай ауданы ТЖ бөлімінің, өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметінің, суда құтқару қызметінің, ішкі істер бөлімінің күштері, сондай-ақ құрамында 18 адам мен 18 техникасы бар коммуналдық қызмет жұмыс атқаруда.
Сонымен қатар, әсіресе, жердің төменгі бөлігіне еріген қар суының ығысып ағуына байланысты Жаңаарқа, Қарқаралы аудандарының жолдарын су шайып кету оқиғасы орын алған. Бұл жерде жол учаскелерін нығайту жұмыстары қолға алынып жатыр.
