«Екі мемлекет басшыларының қатысуымен отырыс барысында түрлі салалардағы өзара байланысын нығайту мәселелері, «Жаңа Синергия» бірлескен экономикалық бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары қаралды», — делінген мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазақстан президенті Р. Эрдоғанның Қазақстанға әрбір сапары екі елдің қатынастарын нығайтуға бағытталған айтарлықтай жетістіктермен ұштасатынын атап көрсетті.
«Осы сапар да қазақ-түрік қатынасында үлкен із қалдырады. Түркия Қазақстанның ең жақын және сенімді әріптестерінің бірі. Елдеріміздің ортақ тарихы, тілі мен рухани байлыққа негізделген қатынастары жақсы серпіліспен ерекшеленеді», — дейді Н.Назарбаев.