Қазақстан мен Түркия президенттерінің қатысуымен Түркістанда спорт кешені мен жаңа мешіттің іргетасы қаланады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Түркия президенттерінің қатысуымен Түркістанда спорт кешені мен жаңа мешіттің іргетасы қаланады

Қазақстан мен Түркия президенттерінің қатысуымен Түркістанда спорт кешені мен жаңа мешіттің іргетасы қаланады

Қазақстан мен Түркия президенттерінің қатысуымен Түркістанда спорт кешені мен жаңа мешіттің іргетасы қаланады.

  • 16 Сәуiр 2015
  • 547
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге алғашқы мемлекеттік сапармен келген Түркия президенті Реджеп Ердоғанмен Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысын өткізгеннен кейінгі бірлескен мәлімдемеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты. 

«Түркі әлемінің темірқазығы қасиетті Түркістан қаласына бірге бару көзделіп отыр. Онда Қожа Ахмет Ясауи кешені жанындағы түрік қаражатына салынған жаңа мешіт, қазақ-түрік халықаралық университетінің жаңа оқу корпусы, кітапхана, жаңа жатақхана ғимараты ашылатын болады», — деді ҚР Президенті.


Елбасы өз сөзінде мұнан бөлек спорт кешені мен тағы бір мешіттің іргетесы қаланатындығын, бұлар бауырлас екі ел арасында жүзеге асырылып жатқан игілігі мол, ортақ жобалар екендігін атап өтті. 

«Жалпы, Қазақстан мен Түркия қарым қатынасының әлеуеті зор. Бұл ынтымақтастық күннен күнге нығайып, ел арасын жақындастыра беретініне мен сенімдімін. Бүгінгі маңызды уағдаластықтар соның айғағы деп білемін», — деді Мемлекет басшысы.