Қазақстанда жастар ғылымға бет бұра бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жастар ғылымға бет бұра бастады

Қазақстанда жастар ғылымға бет бұра бастады

Соңғы 4 жыл ішінде отандық ғылымда 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі

  • 16 Сәуiр 2015
  • 421
Фото - Caravan.kz

46 пайызға өсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Сансызбай Жолдасбаев мәлім етті.

«Соңғы 4 жыл ішінде отандық ғылымда 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 46 пайызға өскен және 9,5 мыңға жетіп отыр. 45 жасқа дейінгілер 49 пайызға жоғарылады», — деді С.Жолдасбаев.

Оның сөзіне қарағанда, елдегі ғылымға деген қолдаудың арқасында жалпы осы саладағы ахуал тұрақталып келеді. 


«Бұл сан және сапа жағынан да қатты әсер етті. Ғылыми қызметкерлердің өсу тенденциясы қалыптасты: 2009 жылы — 15 мың, 2014 жылы — 25,8 мың адам», — деді ол.

Бұндай жағымды көрсеткіштер ғылымдағы тиімділікке де үлкен серпін берген.

«Биыл ғалымдар арасындағы байқауға 6 мыңнан астам қатысушы өтініш беріп отыр. Бұл өткен жылдардағы байқаулардан екі есеге аз», — деді комитет басшысы.