Мұнда олар бірнеше зауыттың қызметкерлерімен жолығып, Елбасын қолдауға арналған форумдарға қатысты. Оған қаланың мыңдаған тұрғыны жиналып, Президентке алғыстарын білдіріп жатты. Айтуларынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізген саясатының арқасында облыс қарқынды дамып келеді. Мәселен, 5 жылдың ішінде қалада 80 кәсіпорын ашылыпты.Сондықтан жиналғандар сайлауда Назарбаевқа ғана дауыс беретіндерін айтып, барлық отандастарымызды Елбасыны қолдауға шақырды.