Ниетқали күні-түні көлік тізгінінен түспейтін. Қазір жүргізушінің қолы бос. Бүгін де оны ешкім шақыртқан жоқ. Қаланы көлігімен босқа аралап жүр.
Ниетқали Артықов, такси жүргізушісі:
-Мобильді приложение интернетпен жаңадан шығып жатқан енді олардың бәрі бізге кері әсерін тигізіп жатыр. Зиян беріп жатыр. Біз бұған дейін басқаша табысымыз күнделікті 7-8 мың теңге деп есептейтін болсақ, ал қазіргі уақытта 3-4 мыңға түсіп қалып жатыр.
Жігіттің жазғырып отырғаны – мына қосымша. Мобильді такси қызметі. Пернесін бассаңыз болғаны, қас пен көздің арасында жетіп келеді. Ақысы әдеттегі такси қызметтерінен тым арзан. Небәрі 200-300 теңге.
Әділет Қойшыманов, интернет-таксидің авторы:
-Такси бағасын қолжетімді еткіміз келеді. Қазір ол тым қымбат. Ал енді қоңырау шалып жатпай, интернет арқылы кез-келген жерден такси шақыртқан жақсы емес пе?
Мұнда кез-келген көлігі бар адам «таксист» бола алады екен. Қосымшаға тіркелсе болғаны. Жолаушылар да қоңырау шалып жатпай, ғаламтор арқылы шақыртады. Клиент тұрған орынға сол маңдағы кез-келген көлік келе қояды. Интернет-таксиді ойлап тапқан жігіт енді оны әрі қарай да дамытпақшы. Тек оның қосымшасына, қолы жүрмей қалған таксопарктер тісін қайрап отыр. Өйткені осы технология пайда болғалы бері клиенттері азайған.
Максим Сәрсенов, таксопарк басшысы:
Ссоттасамыз, мұны бұлай қалдырып, қарап отырмаймыз. Такси қызметін ұсынғанымыз үшін мемлекетке салық төлеп отырмыз. Ал олар жеңіл табыс табады. Қоластымда 500-ден аса адам жұмыс істейді. Ертең олардың жалақысын қалай шығармақпын?
Міне, осылайша ғаламторда пайда болған кіп-кішкентай ғана қосымша Алматыдағы ең ірі таксопарктердің бас ауруына айналып отыр. Интернет арқылы көлік жалдау қызметіне олар үзілді-кесілді қарсы. Жолаушыға таласқан такси мекемелері енді жаңа технологияны ойлап тапқан жігіттің бизнесіне заң арқылы жүген салмақ.