Алматыда ипотекадан аузы күйген жұрт шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ипотекадан аузы күйген жұрт шу шығарды

Алматыда ипотекадан аузы күйген жұрт шу шығарды

Ипотекамен үй алып, несиеден күйген жұрт! Алматыда банктерге несиесін төлей алмаған тұрғындар мемлекеттен бөлінген 130 миллиард теңгенің тағдырын білу үшін Ұлттық банктің алдына жиналды. Айта кетсек, бұл қаржы борышкерлердің мәселесін шешуі тиіс болатын.

  • 17 Сәуiр 2015
  • 243
Фото - Caravan.kz

Сұлубике Жақсылықова, «Халықты баспанамен қамтиық» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

-Біздің талабымыз, тек қана негізгі қарызымыздың сомасын қалдырсын. Ешқандай пайыз қосылмасын. Себебі бұл өкіметтен пайызсыз бөлінді.  Оның негізгі мақсаты кризистің жағдайына байланысты мәселелерді шешу болатын. Ал ол , мәселелерді шешудің орнына қайтадан қиындатып жатыр.

Таң ертесімен жиылған жұрт Ұлттық банктің өкілімен келісе алмады. Олар  несиеге үстеменің мүлдем қосылмағанын қалайды. Ал үкімет бұларды қайта қаржыландырып, қарызының пайызын төмендетпек болған еді. Сонымен бірге, тұтыну мақсатында алынған нисиелерге де жеңілдік жасауды сұрап отыр.Алайда, Ұлттық Банктің бұл тұрғыда өз айтары бар. 130 миллиард теңге аспаннан түскен ақша емес. Бұл қаржы 20 жылдан кейін мемлекетке қайтарылуы керек. Ал тұтынушылық мақсаттағы нисиелерге көмек көрсетілмейді дейді Ұлттық банк өкілдері.

Қуат Қожахметов, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары:

-Мемлекет көмек қолын созып отыр. Пайыздық үстемелерін 3 пайызға дейін төмендеттік, несие мерзімін 20 жылға дейін ұзарттық. Елімізде бірде бір банк мұндай төмен деңгейде несие бермейді. Бұл үлкен жеңілдік.