Бұл екі ауылда не ұялы телефон, не ғаламтор желісі жоқ. Құтқарушылар халықты спутниктік байланыс арқылы төнген қауіп жайлы құлағдар етіпті. Тас жолға төселеген 100 тоннадан астам тас пен құмды ағын су бұйым құрлы көрмей, шайып кеткен. Салдарынан халықты қауіпті аймақтан алып шығу үшін тікұшақтар жұмылдырылды. Ал көрші облыстардан келген құтқарушылар мен әскерилер ауылды жағалай биіктігі екі жарым метр, ұзындығы 300 метр бөтет салған. Мамандар сондай-ақ Петропавлға жақын Сергеев су қоймасының да ернеуінен шыққанын айтады. Сондықтан қызыл су бірнеше күнде облыс орталығына да жетуі мүмкін.
Евгений Журавлев, СҚО ТЖД баспасөз хатшысы:
-Қаратал тұрғындарын көрші Қулыкөл ауылындағы мектепке уақытша жайғастырылды. Көбі туыстарын жағалап кетті. Ал тұрғындардың малын су жетпейтін биіктеу жерге айдап әкеттік. Ауылда ұрлық -қарлық болмас үшін, біздің мамандар күзет ұйымдастырды.