ШҚО-ның ардагерлеріне Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында 500 мың теңгеден төлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-ның ардагерлеріне Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында 500 мың теңгеден төлейді

ШҚО-ның ардагерлеріне Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында 500 мың теңгеден төлейді

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Жеңіс мерекесінің 70 жылдығы қарсаңында 500 мың теңгеден төлейді.

  • 17 Сәуiр 2015
  • 297
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Ұлы Отан соғысынындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы қарастырылған кеңес кезінде облыс әкімі Даниал Ахметов хабарлады.

Бүгінде Шығыс Қазақстанда ҰОС-ның 594 ардагері тұрып жатыр. «Бұл құрметті ардагерлерімізге көрсетіп отырған көмектің бір бөлігі екенін ғана ұмытпауымыз маңызды. Олардың алдындағы борышымыз өтелмес, олар әрқашан ерекше қамқорлығымызда болады», — деді Даниал Ахметов.

Облыста Жеңіс күнін мерекелеу бойынша жан-жақты жұмыс жүргізілуде. Мамыр айында 600-ден астам шараларды өткізу жоспарланған. «Жеңіске дейін 70 күн» акциясының тақырыптық онкүндіктерінің аясында 1 наурыздан бастап 25 мыңға жуық адам қатысқан 396 шара өткізілді. Ескерткіштерге 38 млн. теңге сомасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жасылды. Астанада 6-10 мамыр аралығында өтетін мерекелік шараларға облыстың 17 ардагері қатысады.