Алматыда Өзбекстан азаматшасы бес кг героинмен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Өзбекстан азаматшасы бес кг героинмен ұсталды

Алматыда Өзбекстан азаматшасы бес кг героинмен ұсталды

Алматыда полицияның арнайы операциясы барысында героиннің қомақты мөлшері тәркіленді. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

  • 17 Сәуiр 2015
  • 379
Фото - Caravan.kz


«Өзбекстанның 33 жастағы азаматшасы көп мөлшерде есірткі сақтап, бөлшек және көтерме бағамен сатумен айналысқан», — делінген жұма күні таратылған мәліметте.
Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, есірткі өткізушіні ұстаудан бұрын бірнеше рет оперативтік сатып алу жүргізілген.
Кезекті кездесуді әйел Райымбек пен Крылов көшелерінің қиылысына белгілеген. Ол жерде әйел тұрақты сатып алушыға 6 грамм есірткі сатқан. Сол жерде қолға түскен.
Шетел азаматшасының үйін тінту барысында жалпы салмағы 5 кг героин салынған 10 полиэтилен пакеті, сондай-ақ 4 грамм марихуана салынған пакет тәркіленді.
Ұсталған әйел есірткі сатқаны үшін бұрын сотты болған. Ол түрмеден былтыр ғана босап шыққан.
Қазіргі кезде әйел уақытша қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды.