Brent мұнайы баррелінің құны 63,45 долларға дейін түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Brent мұнайы баррелінің құны 63,45 долларға дейін түсті

Brent мұнайы баррелінің құны 63,45 долларға дейін түсті

Мұнай бағасы апта басында белгіленген күрт өсімді қысқартып, төмендей бастады, деп хабарлады  Утро.ru.

  • 17 Сәуiр 2015
  • 503
Фото - Caravan.kz

Лондондық ICE Futures биржасында Brent мұнайына маусымдық фьючерс сағат 08:31-де барелліне 63,45 долларға дейін —   0,53 (0,83%) долларға түсті. Бейсенбі нарықтың жабылуында фьючерс құны 0,66 (1,04 пайыз) долларға ұлғайып, барреліне 63,98 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасының электрондық сауда-саттығында мамырда WTI мұнайына фьючерс бағасы  барреліне  56,09  долларға дейін — 0,62 (1,09 пайыз) долларға түсті.  Алдыңғы сессия нәтижесі бойынша   келісімшарт   барреліне  56,71 долларға дейін — 0,32 (0,57%) долларға қымбаттады.

Апта басынан бастап Brent құны 9,6 пайызға өсті. Бұл 2009 жылғы қазаннан бастап ең көп көрсеткіш болып табылады. WTI 8,8 пайызға қымбаттады