Қытайда 10 секундта зарядталатын әлемдегі алғашқы электроавтобус шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда 10 секундта зарядталатын әлемдегі алғашқы электроавтобус шықты

Қытайда 10 секундта зарядталатын әлемдегі алғашқы электроавтобус шықты

Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясының Нинбо қаласында сыйымдылығы жоғары аккумуляторы бар әлемдегі алғашқы

  • 17 Сәуiр 2015
  • 341
Фото - Caravan.kz

электроавтобус шығарылды. 10 секундтық қуат оған 5 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өтуге жетеді.

Ұзындығы 18 м немесе 12 метр жаңа электроавтобусты Қытайдың оңтүстік «Наньчэ» локомотив-құрылыс корпорациясының еншілес кәсіпорны — электровоз шығаратын Чжучжоу компаниясы жасады.

Бұл көлік құралына электр беру желісі қажет емес, ол жүру үшін әр аялдамада жылдам қауат алатын құрылғы орнатса жеткілікті. Аккумулятор жолаушылар шығып-кіргенше қуат алып үлгереді. Оны пайдалаудың жобалық мерзімі — 12 жыл.