Алматыда мұнай өндіруге қатысты ұсыныстар айтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда мұнай өндіруге қатысты ұсыныстар айтылды

Алматыда мұнай өндіруге қатысты ұсыныстар айтылды

Энергоресурстарды өндірудің жаңа жолы қандай?! Алматыда басталған ХІІ халықаралық мұнай-газ форумында жастар осы сұраққа жауап іздеуде. Басқосуға еліміздің және ТМД мемлекеттерінің жетекші компания өкілдері мен студенттер қатысып жатыр.

  • 18 Сәуiр 2015
  • 186
Фото - Caravan.kz

Форум аясында еліміздің мұнай-газ саласы мен отын энергетикасы ресурстарын дамытудың жаңа мәселелері талқыланды. Мұнда болашақ геологтар мен мұнайшылар пікір алмасып, шикізат өңдеу, бұрғылау жұмыстары мен «қара алтынды» заманға сай сақтау және экспорттау жолдарын ғылыми негізде қарастырды. Екі күнге созылатын басқосуда ірі компаниялардан келген мамандар шеберлік сабақтары мен интеллектуалдық ойындар өткізеді.

Дархан Құралханов, «Siemens» компаниясының менеджері:

–Мұнайшылар үшін бұл зор мүмкіндік. Студенттер индустриядағы көшбасшылармен кездесіп, өзекті мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап алады. Қазақстанда мұнай-газ саласында қолданылып жатқан жаңа технологиялармен танысып, білікті мамандармен  тәжірибе алмасады.