Ақтөбеде «Сенің дауысың маңызды» автошеруі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде «Сенің дауысың маңызды» автошеруі өтті

Ақтөбеде «Сенің дауысың маңызды» автошеруі өтті

Ақтөбе қаласының орталық көшелерімен «Сенің дауысың маңызды» автошеруі өтті, оны «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесіп ұйымдастырды.

  • 20 Сәуiр 2015
  • 393
Фото - Caravan.kz

ҚР Туымен және «Қазақстан-2050» жалауымен безендірілген қалалық «Странник 4х4» және «X-Terra 4×4» автоклубтарының мүшелерінің ондаған автокөліктері облыс орталығының барлық аудандарымен жүріп өтті. Ұйымдастырушылар қатты дауыстағыш құралдар арқылы қала тұрғындарын 26 сәуірдегі президенттік сайлауға қатысуға шақырды.

«Біз осы шара арқылы ақтөбеліктердің, оның ішінде жастардың назарын алдағы ҚР Президенті сайлауына баса аудартуды мақсат еттік. Біздің автошеруіміз ҚР Президенттігіне қандай да бір кандидатты насихаттау болып табылмайды, біз тек қана жерлестерімізді өздерінің азаматтық борыштарын өтеуге, өздері қалаған үміткерге дауыс беруге шақырдық. Сайлауға келу — бұл өз еліңнің болашағына немқұрайлы қарамау деген сөз. Мемлекет басшысын таңдауда біздің әрқайсымыздың дауысымыз маңызды, ол еліміздің әрі қарайғы дамуының маңызды кезеңі», — деді Ақтөбе облысы бойынша «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының үйлестірушісі Ербол Шыма.