Малайзия премьерінің қызын алған қазақ жігіті Алматыда тойын жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Малайзия премьерінің қызын алған қазақ жігіті Алматыда тойын жасады

Малайзия премьерінің қызын алған қазақ жігіті Алматыда тойын жасады

19 наурыз күні қазақстандық Данияр Кесікбаев Малайзия премьер-министрі Наджиб Тун Разактың қызы Нуриана Наджваға үйленді.

  • 20 Сәуiр 2015
  • 2070
Фото - Caravan.kz

Той мемлекет астанасы Куала-Лумпурдан 20 шақырым қашықтықта орналасқан Путраджайя қаласында премьер-министрдің ресми резиденциясында өтті. Премьер-министр қызы Нуриана Наджва мен Данияр Кесікбаевтың неке қию рәсімін жеке өзі өткізді.

Осы демалыс күндері екі жас Даниярдың туған жерінде тағы да бір тойды өткізді. Салтанатты кеш осы демалыс күндері премиум-класс үлгісіндегі Royal Tulip қонақүйінде өтті. Бұл тойға премьер-министр да қатысты. Демалыс күндерді оңтүстік астанамызда өткізген малайзия премьер-министрі Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті.

Жас жұбайлар АҚШ та оқып жүргенде танысыпты. 2011 жылы атастырылу рәсімін өткізген екен.
Данияр Кесікбаев Нью-Йорктағы Колумбиялық университетті тәмамдады.

Нуриана Наджва Вашингтондағы Джорджтаундық университеттің халықаралық қатынастар факультетінің түлегі. Қазіргі кезде венчурлік компанияда қызмет етеді.


Қазақстан және әлемдік БАҚ өкілдерінің айтуынша, Данияр Кесікбаев Қазақстан президентінің інісі Болат Назарбаевтың әйелі болған Майра Құрманғалиеваның ұлы, — деп хабарлайды http://forbes.kz/ сайты.