Қырғызстан ТЖМ хабарлауынша, апат жексенбі күні Алматы-Екатеринбург тас жолында болған.
"Қақтығысқаннан кейін көліктердің екеуі де жанып кеткен. Апат болған жерден 14 адамның мəйіті табылды. Олардың арасында "Газель" жүргізушісі мен микроавтобустың 13 жолаушысы бар. Опат болғандардың үшеуі балалар. Тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмды", — делінген хабарламада.
Тағы бес адам Приозерск қаласының ауруханасында жатыр.
19 адам мінген микроавтобус Бішкектен Солтүстік Қазақстан облысына бара жатқан.