Оралда екі жасар сәби сағызға қақалып өлді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда екі жасар сәби сағызға қақалып өлді

Оралда екі жасар сәби сағызға қақалып өлді

Кеше Орал қаласына қарасты Зачаган кентіндегі «Көктем» шағынауданында екі жасар сәби сағызға тұншығып өлген.

  • 20 Сәуiр 2015
  • 384
Фото - Caravan.kz


Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мәншүк Аймұрзиеваның айтуынша, жедел жәрдем шақыртылғанымен, бәрі кеш болған. Сөйтіп, 2013 жылы 8 сәуірде дүниеге келген бала шетінеп кетті. 

Өкінішке қарай, мұндай қайғылы оқиғалар өңірде азаймай тұр. Өткен жылы осындай 11 жағдай тіркелсе, биыл 4-5 оқиға орын алып отыр. Айталық, осыдан бір апта бұрын Зеленов ауданында он айлық сәби шелектегі суға тұншығып қайтса, оның алдында Бөкей ордасында теледидар құлап, екі айлық нәрестені басып қалды. Мұның басты себептерінің бірі ата-анасының баланы қараусыз қалдыруы болып отыр. Олардың үлкен балаларына кішісін бақтыруы да дұрыс емес.