Ақмола облысының бірқатар елді мекенінде су сору жұмыстары жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысының бірқатар елді мекенінде су сору жұмыстары жалғасуда

Ақмола облысының бірқатар елді мекенінде су сору жұмыстары жалғасуда

Ақмола облысының бірқатар елді мекенінде су сору жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті халықты ақпараттандыру және оқыту бөлімінің бастығы Руслан Иманқұлов айтты.

  • 20 Сәуiр 2015
  • 257
Фото - Caravan.kz

«Ақмола облысында су айдындарындағы су деңгейіне тәулік бойы мониторинг жүргізілуде. Целиноград ауданының Қосшы ауылында Нұра өзенінің бойымен бөгенді ныға   йту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 3100-ден астам құм салынған қап төселіп, қосымша 1100 тонна инертті материал жеткізілді. Тайтөбе, Қызылжар, Талапкер, Қаражар ауылдарында  су сору жұмыстары жалғасуда», — деді ол.

Р.Иманқұловтың сөзіне қарағанда, Ағанас ауылына азық-түлік жеткізу ұйымдастырылса, Р.Қошқарбаев ауылына баратын автожолдың 500 шақырым жол төсемі қалпына келтірілді. Жаңажол Отаутүскен ауылдарынан алдын ала 91 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

«Астрахань ауданының Старий Колутон ауылының тұрғындары ықимал су басу қаупі туралы ақпараттандырылды. Ауылда ҚР ІІМ ТЖ комитетінің құтқару бөлімшелері және жергілікті атқарушы органдар тәулік бойы кезекшілікте. Құтқару бөлімшелері Атбасар қаласында да тәулік бойы кезекшілік атқаруда», — деді Р.Иманқұлов.