Отандық автокөліктерді сатып алушыларға 4 пайыздық мөлшерлемемен автонесие беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Отандық автокөліктерді сатып алушыларға 4 пайыздық мөлшерлемемен автонесие беріледі

Отандық автокөліктерді сатып алушыларға 4 пайыздық мөлшерлемемен автонесие беріледі

Қазақстанның Даму Банкі отандық автокөлік өнеркәсібін қолдауға 20 млрд. теңге бөлмек. Ал автонесиелердің атаулы жылдық мөлшерлемесі 4 пайыздан аспайтын болады.

  • 20 Сәуiр 2015
  • 785
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «ҚДБ» АҚ Басқармасының төрағасы Болат Жәмішев мәлімдеді. 

«Ұлттық қордан 20 жылдық мерзімге 15 млрд. теңге бөлінді. Қарыз алушыға берілетін несиенің мерзімі 5 жыл екенін ескеретін болсақ, бұл бағдарлама бір реттік емес, тұрақты негізде жүзеге асырылатын болады. Банктер несилердің өтелуіне қарай, несие алуға ниет білдіргендерді қаржыландырып отырады», — деді Б. Жәмішев.

Оның айтуынша жылдық атаулы мөлшерлеменің көлемі 4 пайыздан аспайды.  Бұл жерде жылдық тиімді мөлшерлеме сақтандыруға және несиені рәсімдеуге кеткен шығындарды есептегенде 7,5 пайызды ғана құрайды.   

«Машиналардың бағасы 5 600 000 теңге болады, яғни шамамен 30 000 АҚШ долларын құрайды. Бұл несие алушыларды көптеп қамтуға арналған. Бастапқы жарнаның көлемі — 20 пайыз. Несие тек жеке тұлғаларға ғана беріледі»,  — деді «ҚДБ» АҚ Басқармасының төрағасы.


Ол сонымен қатар, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерлер бағдарламаның екінші бөлігін пайдалана алатындығын жеткізді. Яғни, көліктерді лизингке сатып ала алады. Лизингтің мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін. Атаулы жылдық мөлшерлемесі — 4 пайыз. Несие теңгемен беріледі. Лизинг бойынша бастапқы жарна көлік бағасының 30 пайызын құрайды.