Жамбыл облысындағы жол апатынан аман қалған 4 қырғыз азаматының жағдайы ауыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысындағы жол апатынан аман қалған 4 қырғыз азаматының жағдайы ауыр

Жамбыл облысындағы жол апатынан аман қалған 4 қырғыз азаматының жағдайы ауыр

Қарағанды облысы Приозерск пен Балқаштағы медициналық мекемелерде Қазақстанның оңтүстігінде болған жол-көлік апатынан зардап шеккен Қырғызстан Республикасының 4 азаматына ота жасалды. Олардың жағдайы ауыр, деп хабарлады ақ халаттылар.

  • 20 Сәуiр 2015
  • 333
Фото - Caravan.kz

«19 сәуірде бізге алты адам әкелінді. Барлығы — Қырғызстан азаматы. Екеуі қаза тапты.  Қалғандарының жағдайы ауыр. Екеуін Приозерсктегі ресейлік әскери госпитальға, тағы екеуі Балқаш ауруханасына жеткізілді», — деді Приозерск қ. орталық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Шәгіров.

Осылайша, апат салдарынан қаза тапқандардың саны 16 адамға жетті.

«Бізге екі адам келіп түсті. Ота жасалды. Олардың жағдайы ауыр», — деп хабарлады госпиталь бастығының медициналық мәселелері бойынша орынбасары Алексей Плотников.

Тағы екі жапа шегушіге Балқаш көпсалалы ауруханада ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы ауыр, науқастың бірінің бүйрегін алып тастады.

Осыған дейін хабарланғандай, 2015 жылы 19 сәуірде Жамбыл облысының  Мойынқұм ауданында Алматы-Екатеринбург  жолының 487 шақырымында сағат 09:47 жол-көлік апаты орын алды, салдарынан 15 адам қаза тапқан болатын. Олардың 14-і Қырғызстан азаматы болса, біреуі — қазақстандық.


««Газель-2705» жүк автомобилі (г/н В147 FРО, иесі К.А.Аданов, 1976 ж.т., Алматы облысының тұрғыны) Бішкек қаласына бағыт алған «Мерседес-Бенс Спринтер» маркілі шағын автобусымен соқтығысқан (иесі анықталуда). Автомобильде 19 адам болған», — делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот алды тергеу жүргізіліп жатыр.