Жамбыл облысында жантүршігерлік апаттан опат болғандардың мүрдесін тану мүмкін болмай жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында жантүршігерлік апаттан опат болғандардың мүрдесін тану мүмкін болмай жатыр

Жамбыл облысында жантүршігерлік апаттан опат болғандардың мүрдесін тану мүмкін болмай жатыр

Жамбыл облысында жол апаты 16 адамның өмірін қиды. Қайығылы оқиға «Алматы-Екатеренбург» тас жолында болған.

  • 21 Сәуiр 2015
  • 246
Фото - Caravan.kz

Ішінде 18 жолаушысы бар Бішкектен Солтүстік Қазақстанға бет алған «Мерседес-Спринтер» Газельмен бетпе-бет соғылыпты. Екі көлік те лезде отқа оранған. Шарпыған жалынның арасынан шағын автобустың 12 жолаушысы мен екі көлік жүргізушілерінің мәйіті табылды. Кейбірін тіпті арнайы сараптамасыз тану мүмкін емес. Тағы екі адам ауруханада ес жимастан көз жұмған. Сондай-ақ, Қарағанды облысының ауруханаларында тағы бірнеше жолаушы хал үстінде жатыр. Жалпы қаза болғандардың дені Қырғыз елінің азаматтары. Арасында үш бала бар. Төтенше оқиғаға байланысты марқұмдардың отбасына Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев көңіл айтып, өз үкіметіне шұғыл шараларды қолға алуды тапсырды. Отандастарының мәйітін елдеріне алып кету үшін қырғыз тарапы жүк көлігін де жіберген.