Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
34 жастағы азаматтың басқаруындағы «Газ 53-Б» автокөлігінде жалпы салмағы 2350 келі болатын ферроқорытпа тиелгені анықталып, жүргізушісі ұсталды.
Тексеру барысында феррохромның 17 сәуір күні «Известсковая-Шаған» станциясындағы өткелде жүк поезынан ұрланғандығы анықталды.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Ұрланған зат тәркіленді. Бұдан кейін осы ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының тағы 4 тұрғыны ұсталып, Семей ст. ІІЖб-не жеткізілді.
Ұсталғандар — 1977, 1982, 1983 және 1987 жылдары туылған азаматтар.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлімі, 1-тармағына (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.