Павлодарлық полицейлер орман ағаштарын ұрлаған екі ер адамды ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық полицейлер орман ағаштарын ұрлаған екі ер адамды ұстады

Павлодарлық полицейлер орман ағаштарын ұрлаған екі ер адамды ұстады

Павлодар облысындағы Лебяжі ауданының Черное ауылының жанында полицейлер 42 жастағы павлодарлық тұрғын рулінде болған «Газ-52» көлігін

  • 21 Сәуiр 2015
  • 298
Фото - Caravan.kz


және «Газ-53» машинасының жүргізушісі — 40 жастағы Лебяжі ауданының тұрғынын қолға түсірді.

Жүргізушілердің ағаш кесуге рұқсат беретін құжаттары болмаған, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

Полиция қызметкерлері күдіктілердің қарағайдың 50 данасын ұрлағанын анықтады. Келтірілген шығын сомасы 1 млн. теңгеден асты. Ұсталған азаматтар мойындау түсініктерін берді, айғақ дәлелдер алынды. ҚР ҚК-нің 188 бабы («Ұрлық») бойынша сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде.