Қырғыз шекарашылары Қазақстаннан контрабандалық жолмен жанар-жағармай өткізетін шлангты анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз шекарашылары Қазақстаннан контрабандалық жолмен жанар-жағармай өткізетін шлангты анықтады

Қырғыз шекарашылары Қазақстаннан контрабандалық жолмен жанар-жағармай өткізетін шлангты анықтады

Қырғыз Республикасының Мемлекеттік шекара қызметі басқармасының Шу облысы бойынша «Токмок» шекара заставасының шекарашылары Қазақстаннан Қырғызстанға

  • 21 Сәуiр 2015
  • 486
Фото - Caravan.kz

жанар-жағармай ЖЖМ (дизельдік отын) заңсыз, жасырын өткізетін шлангты анықтады. Бұл туралы Қырғыз Республикасы МШҚ-нің баспасөз қызметінен хабарлады. 

Шланг шекара маңындағы Шу өзенінің жағасындағы жерге көміліп, одан әрі су астымен Қырғызстан-Қазақстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткен. Жағармай шлангының ұзындығы шамамен 1500 метр, диаметрі — 500 мм. 


Шекарашылар шлангты анықтағаны туралы құзырлы органдарға хабарлады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.