Қарағанды қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қарағанды қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қарағанды қаласының әкімдігінде кадрлық тағайындаулар орын алды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

  • 21 Сәуiр 2015
  • 413
Фото - Caravan.kz


«Риза Мүкеева Қарағанды әкімінің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды», — делінген хабарламада.
Бұдан басқа, «Мемлекеттік активтер мен сатып алу бөлімі» ММ басшы орынбасарының міндетін атқарушы болып Асхат Мақаев тағайындалды.
Р.Мүкеева бұған дейін Қарағанды қалалық салық басқармасын басқарды. Одан бұрын облыстың басқа өңірлерінде салық қызметінде басшылық лауазымдарда қызмет еткен. «Экономист», «заңгер» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар.
А.Мақаев тағайындалғанға дейін «Қазақстан» республикалық ұлттық телерадиокорпорациясы облыстық филиалының заңгері болып жұмыс істеді.