Астанада әскери парадқа өңірлерден 246 ардагер келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада әскери парадқа өңірлерден 246 ардагер келеді

Астанада әскери парадқа өңірлерден 246 ардагер келеді

Астана қаласы мәдениет басқармасының хабарлауынша, елордада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай бірқатар мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтынан.

  • 21 Сәуiр 2015
  • 264
Фото - Caravan.kz

ҰОС ардагерлеріне деген ілтипат бұл күнде әдеттегіден де жоғары болатыны мәлім. Мамыр айының 6-10 аралығында Астана қаласына Қазақстанның өзге өңірлерінен арнайы ардагерлер делегациясы келеді.

Жалпы, аймақтардан 246 соғыс ардагері мен 73 сүйемелдеуші тұлға Жеңіс күні парадына келмек. Сонымен қатар, мамырдың 9 күні қала көшелерінде 45-ші жеңіл атлеттер эстафетасы өтеді.

Астана қаласының әкімдігі темір жол вокзалында және халықаралық әуежайда ардагерлерді үрмелі аспаптар оркестрімен қарсы алып, шығарып салады және гүл шоқтарын сыйлайды.