Марксизм, ленинизм идеялары бұл жолы қазақы қаймағы бұзылмаған Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында сөз болды. О бастан батыс мәдениетінен бас тартуға үндеген Сыздықовтың сенімді өкілдері бұл жолы да ұстанымдарынан жаңылған жоқ. Есесіне ата салтымызды ардақтап, есірткісіз салауатты өмір салтына ден қоюға шақырды. Ал жиынға қатысушылар кандидаттың әлеуметтік бағыттағы жоспарларына да қызығушылық танытты.