Назарбаевтың сенімді өкілдері Ақмола облысына келді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаевтың сенімді өкілдері Ақмола облысына келді

Назарбаевтың сенімді өкілдері Ақмола облысына келді

Президент сайлауына бес-ақ күн қалды. Сондықтан кандидаттардың үгіт-насихаты қызу жүргізіліп жатыр. Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді өкілдері бүгін Ақмола облысындағы сайлаушыларымен кездесті.

  • 22 Сәуiр 2015
  • 197
Фото - Caravan.kz

Аймақ белсенділері, бизнесмендер және әлеуметтік сала өкілдері бас қосқан ауқымды жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті сөз болды. Елбасы жуырда осы өлкеге жасаған сапары барысында Астананы толықтай сапалы азық түлікпен қамтамасыз ету керектігін айтқан болатын. Соңғы бес жылда облысқа 13 мың асыл тұқымды ірі қара әкелініп, 9 астық сақтау қоймасы, үш құс фабрикасы мен екі сүт өңдеу зауыты салынған. Ал Назарбаевтың сенімді өкілдері жұртшылықты Елбасымен бірге жаңа белестерді бағындыруға шақырды.